Психологиялық қызмет жаңалықтары

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың сәуір айының 10 жұлдызында Педагогика-психология бірлестігінің ұйымдастыруымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы-ұлттық құндылықтың негізі" тақырыбында әдістемелік кеңес өтті.
📝Әдістемелік кеңестің мақсаты: жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу.
❇️Әдістемелік кеңес барысында қызығушылықты ояту мақсатында "Ой моншақ", мағынаны тану бағытында "GR0W"моделі арқылы МАҚСАТ. ШЫНДЫҚ. НҰСҚАЛАР. НИЕТ бөлімдері бойынша топтық жұмыс жасады.
❇️Толғаныс бөлімінде "Алты алаштың басы қосылса, төр -мұғалімдікі" тақырыбында психологиялық WORKSHOP өтіліп, Бейсен Құранбектің идеясы негізінде түсірілген "ҰСТАЗ" фильмі арқылы кейіпкерлердің бейнесін ашты.
❇️Әдістемелік кеңес соңында ұстаздар саналы азамат тәрбиелеудегі жалпы ұлттық құндылықтардың негізі және олардың пәндік сабақтарындағы көрінісі туралы өзіндік тәжірибелерімен кең көлемде ой бөлісті.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 7 сәуір Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай және жылдық жоспарға сәйкес 2025 жылы сәуір айының 4 жұлдызында "Сырғалым" қыздар клубы аясында 8-10 класс қыз балаларымен "Қыз-өмірдің қызғалдағы" тақырыбында кездесу өтті.
📝Қаралған мәселелер:
1.Жеке бас гигенасы
- Күнделікті гигенаны сақтау жолдары
-Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар (дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер)
2.Ерте жүктілік және жыныстық қолсұғылмаушылық
-Ерте жүктіліктің қаупі, салдары, алдын алу
-Жыныстық қолсұғылмаушылыққа қатысты құқық бұзушылық, алдын алу
3.Психологиялық және әлеуметтік мәселелер
-Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық өзгерістер
-Өзін-өзі бағалау және өз денесін дұрыс қабылдау
❇️"Жасдәурен" жастар денсаулық орталығы мамандары: акушер-гинеколог Мұқанбет Салтанат Нұрланқызы, психолог Әлиева Әсем Ерланқызы, #6 қалалық емхана СӨСҚ маманы, Ділманова Бағдагүл Әбумәлікқызы жоғарыдағы мәселелер бойынша қыз балалармен кең көлемде жұмыс жүргізді.
❇️Қыздармен денсаулықты нығайтуға, көңіл-күйді реттеуге "Сергіту" жаттығуларын өткізді.
❇️Кездесудің екінші бөлімінде "Сырғалым" қыздар клубының жетекшісі К.К.Нугманова, лицей психологі М.К.Истигулова, әлеуметтік педагог Г.Ж.Имангалиева бүгінгі қозғалған тақырып жөнінде жұмыс жүргізіп, рефлексия өткізді.
❇️Қатысқаны:8-10 класс қыз балалары.

 

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың наурыз айының 7 жұлдызында "Педагог:мамандық, кәсіп,өнер" тақырыбындағы Педагогика-психология бірлестігінің апталығы аясында "Көңілді қоңырау" сергіту сәті өтті.
📝Мақсаты: оқушыларға жоғары көңіл-күй сыйлау, достық қарым-қатынасты нығайту.
❇️Лицей парламенті мен психолог М.Истигулованың бастамасымен өткізілген көңілді би тізбегіне оқушылар қуана қосылып, бойларын сергітіп, достық қарым-қатынастарын нығайтты.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың наурыз айының 6 жұлдызында "Педагог:мамандық, кәсіп,өнер" тақырыбындағы Педагогика-психология бірлестігінің апталығы аясында "Мейірім-жүректен" көңілді қоңырау акциясы өтті. 📝Мақсаты: оқушыларға көңіл-күй сыйлап, өзара мейірім мен сыйластықты арттырып, достық қарым-қатынас жасау мен білімге ұмтылуға мотивация беру. ❇️"Мейірім-жүректен" көңілді қоңырау акциясы аясында оқушылар қызықты, интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, жоғары көңіл-күймен, белсенді қатысты. ❇️Көңілді қоңырауды ұйымдастырушылар "Бақыт" фракциясының көшбасшылары А.Қанатбаева, А.Жалғасбаева және психолог М.Истигулова.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың қаңтар айының 13-17 жұлдызында лицей -интернат оқушыларына "Қауіпсіз өмір-қауіпсіз интернет" тақырыбында профилактикалық сабақ өтілді.
📝Мақсаты: әлеуметтік желінің қарым – қатынасқа пайдасы мен зиянын, кибербуллинг және буллинг одан қорғану, әлеуметтік желіні оңтайлы пайдалануға үйрету.
❇️Сабақ барысында оқушылар әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы, қауіпсіздік ережелері, буллинг, кибербуллинг және одан қорғану жолдары аясында топтық, жұптық,жеке жұмыстар орындап, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелері туралы бейнеақпарат тыңдады, профилактикалық сабақ аясында жадынамалар ұсынылды, оқушылар өз білімдерін толықтырды.
❇️Аталған профилактикалық сабақ лицей-интернаттың тәрбие бөлімі: С.А.Есенғұл-тәрбие орынбасары, Г.Ж.Имангалиева-әлеуметтік педагог, М.К.Истигулова- психолог және 7 "А" класс тәрбиешісі К.Қ.Жазықбаеваның ұйымдастыруымен өтілді.