Психологиялық қызмет жаңалықтары
"Қыз-өмірдің қызғалдағы" кездесу
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 04 Сәуір 2025
-
Қаралды: 13
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 7 сәуір Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай және жылдық жоспарға сәйкес 2025 жылы сәуір айының 4 жұлдызында "Сырғалым" қыздар клубы аясында 8-10 класс қыз балаларымен "Қыз-өмірдің қызғалдағы" тақырыбында кездесу өтті.
📝Қаралған мәселелер:
1.Жеке бас гигенасы
- Күнделікті гигенаны сақтау жолдары
-Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар (дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер)
2.Ерте жүктілік және жыныстық қолсұғылмаушылық
-Ерте жүктіліктің қаупі, салдары, алдын алу
-Жыныстық қолсұғылмаушылыққа қатысты құқық бұзушылық, алдын алу
3.Психологиялық және әлеуметтік мәселелер
-Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық өзгерістер
-Өзін-өзі бағалау және өз денесін дұрыс қабылдау
❇️"Жасдәурен" жастар денсаулық орталығы мамандары: акушер-гинеколог Мұқанбет Салтанат Нұрланқызы, психолог Әлиева Әсем Ерланқызы, #6 қалалық емхана СӨСҚ маманы, Ділманова Бағдагүл Әбумәлікқызы жоғарыдағы мәселелер бойынша қыз балалармен кең көлемде жұмыс жүргізді.
❇️Қыздармен денсаулықты нығайтуға, көңіл-күйді реттеуге "Сергіту" жаттығуларын өткізді.
❇️Кездесудің екінші бөлімінде "Сырғалым" қыздар клубының жетекшісі К.К.Нугманова, лицей психологі М.К.Истигулова, әлеуметтік педагог Г.Ж.Имангалиева бүгінгі қозғалған тақырып жөнінде жұмыс жүргізіп, рефлексия өткізді.
❇️Қатысқаны:8-10 класс қыз балалары.