Психологиялық қызмет жаңалықтары

2023 жылдың мамыр айының  12 жұлдызында "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Байғанин ауданындағы "Дарын күндері" жобасы аясында мектеп психологтеріне әдістемелік-практикалық көмек көрсету мақсатында өткізілген "Дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу" атты семинардан шолу. Аталған семинарда лицей-интернат  психологы Мейрамгул Кантарбаевна өзінің озық іс-тәжірибесімен бөлісті.

f❇️❇️❇️❇️❇️❇️❇️❇️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың сәуір айында 9,11 класс оқушылары үшін «Емтихан» психологиялық ойыны өтілді.
???? Мақсаты: емтихан кезіндегі күйзелістік ахуалдың алдын алу және психологиялық дайындығын нығайту.
✅ "Емтихан" ойыны 9,11 класс оқушыларына алдағы мемлекеттік емтиханды сәтті тапсыруға дайындық негізінде ұйымдастырылды, оқушылар ойынға белсенді қатысты.

❇️❇️❇️❇️❇️❇️❇️❇️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 12 сәуірінде мектепішілік әдістемелік кеңес өтті.
????Мақсаты: әдістемелік жұмыстар барысында педагогикалық ұжымды оқу-әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру.
✅Әдістемелік кеңес аясында:
- "Табыстылыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі" /Е.Хайрулла, Г.Елманова-көркем еңбек пәні мұғалімдері/,
-"Трансцендентті сандар және оларды қолдану"/А.Биржанова- математика пәні мұғалімі/,
- "Ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, тәрбиеленушілер мен класс жетекшілердің қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері"/Б.Айетова-педагогика және психология бірлестігінің жетекшісі,
- "Лицей-интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді өткізудің маңызы"/Р.Туреханова-интернат меңгерушісі/ өз іс-тәжірибелерінен жұмыстар көрсетті және кеңес соңында психолог М.Истигулова
- "Мұғалім-мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
✅Оқу әдістемелік сүйемелдеуде тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың маңыздылығы айқындалып, кеңестің аясында өткен мәселелер бойынша шешім қарастырылды.

✅ Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық- әлеуметтік қолдау бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 7 сәуір күні педагог-психологтарға арналған "Жетістікке жетудегі эмоционалды интеллектінің маңыздылығы және дамыту жолдары" тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
????Семинар мақсаты жеке тұлғалардың эмоционалды тұрақтылығын, танымдық және ішкі сезімдерін тану, басқара алуға дағдыландыру бағытын қамтыды.
✅Семинарды Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры м.а. Ж.Б.Скакова, психологиялық - әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, магистр М.К. Жұбандықова ашып, облыстық мамандандырылған лицей-интернат психологтары А.У.Музеева, К.К.Жантикенова, М.К.Истигулова және әлеуметтік педагог Г.А.Нугыманова өз іс-тәжірибелерінен үздік жұмыстарымен жалғастырды. Аталған семинар-практикум жылма жыл дәстүрге сай ұйымдастырылып келеді.
????Семинар-практикум аясында "Ноталы есімдер", "Стеникалық сезімдер", "Ноталы есімдер және сезім толқыны", "Ритмдегі батырма басқыштары", "Классикалық музыкаға КРУИЗ" тренингтері мен жаттығулары жүргізіліп, "Тікток" рефлексиясымен кері байланыс жасалды.
????Воркшоп форматында ұйымдастырылған семинар қатысушыларға жоғарғы көңіл-күй мен жарасымды қарым-қатынас және жаңашылдықпен бірге, психологиялық жағдайды позитивті өзгертуге, эмоционалды тұрақтылыққа, ішкі сезімдерін тануға, басқара алуға мүмкіндік берді.
✅ Семинар-практикум соңында кері байланыс арқылы өтілген жұмыстарға жоғары баға беріліп, "Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді" тақырыбында әдістемелік құрал таратылып, қатысушыларға сертификат табысталды.

2023 жылдың ақпан айының 22 жұлдызында "Ақтөбе-Дарын" облыстық ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен облыс бойынша үздік, шығармашыл психологтердің озық тәжірибесін тарату мақсатында шебер- класс өтті. Республикалық педагогикалық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпаздары, облысқа танымал үздік психологтер "Жаңаша форматта ата-аналарға психологиялық кеңес беру", "Ата-аналар мен балалардың өзара тиімді қарым-қатынас құруы", "Өмірлік және кәсіби мотивация", " Смарт педагог- цифрлы әлем", "БалаЛогия. Баланың "Vibe" әлемі" тақырыптарында дәріс айтып, түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Аталған шебер-класта лицей-интернатынымыздың психологі М.К.Истигулова озық іс-тәжірибелерінен жұмыс көрсетті. Шебер-класс жоғары деңгейде өтілді.