Психологиялық қызмет жаңалықтары
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы-ұлттық құндылықтың негізі" әдістемелік кеңес
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 10 Сәуір 2025
-
Қаралды: 14
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың сәуір айының 10 жұлдызында Педагогика-психология бірлестігінің ұйымдастыруымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы-ұлттық құндылықтың негізі" тақырыбында әдістемелік кеңес өтті.
📝Әдістемелік кеңестің мақсаты: жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу.
❇️Әдістемелік кеңес барысында қызығушылықты ояту мақсатында "Ой моншақ", мағынаны тану бағытында "GR0W"моделі арқылы МАҚСАТ. ШЫНДЫҚ. НҰСҚАЛАР. НИЕТ бөлімдері бойынша топтық жұмыс жасады.
❇️Толғаныс бөлімінде "Алты алаштың басы қосылса, төр -мұғалімдікі" тақырыбында психологиялық WORKSHOP өтіліп, Бейсен Құранбектің идеясы негізінде түсірілген "ҰСТАЗ" фильмі арқылы кейіпкерлердің бейнесін ашты.
❇️Әдістемелік кеңес соңында ұстаздар саналы азамат тәрбиелеудегі жалпы ұлттық құндылықтардың негізі және олардың пәндік сабақтарындағы көрінісі туралы өзіндік тәжірибелерімен кең көлемде ой бөлісті.