Психологиялық қызмет жаңалықтары
- Толығырақ
 - Автор: Физмат
 - 
					Жарияланды 28 Қараша 2022
 - 
						Қаралды: 315
 
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей - интернатында 2022 жылдың қараша айында 8-11 класс оқушылары арасында "Тамшы" арттерапиясы өтілді.
????Мақсаты: ішкі жан әлемінің үйлесімді дамуын реттеу, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. 
????Жүргізілген жұмыс оқушыларға көңіл – күйдің реттілігін сақтауға, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыруға, өзінің ішкі жандүниесін ашуға, эмоциялық өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
- Толығырақ
 - Автор: Физмат
 - 
					Жарияланды 25 Қараша 2022
 - 
						Қаралды: 415
 
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айының 21-25 аралығында 6-11класс арасында "Құпия дос" акциясы өтілді.
????Акция мақсаты: жарқын жүзді көңіл-күй сыйлау, достық қарым-қатынасты, өзара ынтымақтастықты жоғарлату.
????Акцияны ұйымдастырушылар: лицей парламенті "Бақыт" фракциясының көшбасшылары: Исаева Айша, Айтбай Алтынгүл, Жанаева Дильнара және психолог М.Истигулова.
????Ұйымдастырылған "Құпия дос" акциясы аясында оқушылар өз туынды-сыйлықтарын құпия түрде достарына ұсынып, өзара достық қарым-қатынасты жетілдіріп, көңіл-күйдің жоғары болуына ат салысты. 
????Лицей - интернат оқушылары акцияға үлкен белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты.
- Толығырақ
 - Автор: Физмат
 - 
					Жарияланды 18 Қараша 2022
 - 
						Қаралды: 413
 
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айының 18 жұлдызында отбасының физиологиялық және психологиялық қауіпсіздік, сүйіспеншілік пен сыйластық деңгейлерін, өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін бағалау және жетілдіру мақсатында ата-аналар жиналысында ата-аналарға "Идеалды үй" психологиялық тренингі өтті. 
✅Психологиялық тренинг ата-аналарға отбасының және өз мүмкіндіктерін бағалауға, әрі қарай жетілдіруге ықпал етті, жағымды атмосфера сыйлады.
.jpeg)
.jpeg)
- Толығырақ
 - Автор: Физмат
 - 
					Жарияланды 17 Қараша 2022
 - 
						Қаралды: 327
 
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айында "Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет" атты құқықтық онкүндік аясында 10 "Б" класында "Өмірді бағала!" атты психологиялық ағарту жұмысы класс тәрбиешісі З.Бекмагамбетова мен психолог М.Истигулованың ұйымдастыруымен өтті.
????Мақсаты: оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, құқықбұзушылықтың алдын алу, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру, балалардың өмірге деген қызығушылығын ояту..jpeg)
.jpeg)
- Толығырақ
 - Автор: Физмат
 - 
					Жарияланды 10 Қараша 2022
 - 
						Қаралды: 753
 
????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айының 10-11 жұлдызында оқушылардың мінезінің күшті және әлсіз жақтарын бағалауын, әрі жақсы мінездің үлгісін бойына сіңіру үшін "Ақ қағаздағы Адам" техникасы 6-7 класс оқушыларына өткізілді. 
✅ Оқушылар "Ақ қағаздағы Адам" бейнесін жасай отырып, өзінің ішкі ойын ашуға, өз ерекшелігін басқалармен салыстырып тануға, мінездің жағымды жақтарын жетілдіруге мүмкіндік алды. 
✅Бұл психологиялық техника оқушылар үшін қызықты болды, бір-бірінің жасаған жұмысын көріп, топта жарасымды ахуал қалыптасты, барлығы белсенділікпен қатысты.












