Психологиялық қызмет жаңалықтары

????????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың мамыр айының 10-16 аралығында 9,10,11 класс оқушылары үшін "Позитивті ойлау" тақырыбында психологиялық тренинг өтілді.
✍️Тренингтің мақсаты:
сүйіспеншілік құндылығы арқылы жағымды ойлауды дамыту.
????Міндеттері:
оқушылардың «жағымды және жағымсыз ойлау» ұғымдарының мазмұнын ашу;
• позитивті ойлаудың адам өмірі мен денсаулығы үшін маңыздылығын түсіндіру, жағымды ойлау дағдыларын игеруге ықпал ету.
????️Тренинг барысында позитивті ойлаудың 5 артықшылығы жаттығуы ұйымдастырылып, оқушылар бірлесе қызығушылықпен жұмыс жасады.
????️Тренинг арқылы оқушылар жағымды ойлау әрқашан жағымды өмірге жетелейтінін түсініп, жағымсыз ойларды позитивке өзгерту қабілетін жетілдіре түсті.

????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 25 - 29 сәуір аралығында 6-8 класс оқушылары үшін "Капитан" тренингі өтілді.
????Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынастарын дамыту, жағымды ахуал қалыптастыру, зейін аудару, есте сақтау үрдістерін жетілдіру.
????Оқушылар берілген тренинг шарттарын еркін орындады, топтық жұмыстар оқушылардың зейінін, есте сақтауын, ой процесінің жылдамдығын арттыруға, жағымды ахуал қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 23 сәуірінде ата-аналар жиналысының екінші бөлімі кластарда жалғастырылды, мұнда "Қазіргі кездегі дұрыс тамақтану- сәтті болашақ" тақырыбында ата-аналар комитетінің баяндамасынан басталып, класс тәрбиешісінің сыныптың III оқу тоқсаны бойынша оқу-тәрбие процесі туралы есебі тыңдалды.
????Ата-аналарды өздерінің және балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру, жарасымды қарым-қатынас қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында психолог М.Истигулова "Жарасымды көңіл-күй" тақырыбында тренинг өткізді, ата-аналар тренингке қызығушылықпен қатысты.

????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика–математикалық мектеп–интернатында 2022 жылдың 8 - ші сәуірінде «ЖАҢАША ОЙЛАУ МЕН ЖАҢАША ІС-ӘРЕКЕТТЕР-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» АТТЫ МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.
✍️ Мақсаты: жаңартылған білім беру жағдайында пәндерді оқытуда пән мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін жоғарылата отырып, өзіндік ізденістерін арттыру.
????МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ жұмысын әдістемелік кеңес жетекшісі Аяуова Р.К. ашып, пән мұғалімдері: «Жаңару мен жаңғыру» стратегиясын жүзеге асырудағы мұғалімнің ықпалы - Зейнулла Р., математика пәні мұғалімі, «Использование нестандартных форм обучения на уроках русского языка и литературы» Селбаева К.С., орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, «Математикадағы қиындықтар және оны шешу жолдары » -Саржанов О., математика пәні мұғалімі, шығармашылық топ мүшесі, «Жаңа дәуір мектебі: жаңа көзқарас» белсенді оқу-әдістерін қолдану- Султанмуратова А. Н., орыс тілі пәні мұғалімі,шығармашылық топ мүшесі, «Үздік оқушы дайындау үшін...»- Биржанова А, математика пәні мұғалімі, «Жаңа сабаққа – жаңаша көзқараспен» - Нажмадинов М., математика пәні мұғалімі өз іс – тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп психологі М.Истигулова «Қарым- қатынас жарастығы» атты психологиялық тренинг өткізді.
????Конференция жұмысы өте жоғары деңгейде өтті.

????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 4-7 сәуір аралығында "Жарасымды көңіл-күй" тренинг-караоке 9,10,11 кластарға ұйымдастырылып өтілді.
✍️ Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін реттеу, өзара жарасымды қарым-қатынас сыйлау, Отанға, елге, ата-анаға, ұстазға, достарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
????Караокеге оқушылар белсенділікпен, жоғары көңіл-күймен, ерекше ықыласпен қатысты. Ұйымдастырылған караоке оқушылар үшін жақсы атмосфера сыйлады.