Бокс секциясы ашылды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 25 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 230
????Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады.
????Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
????Осы орайда мектеп-интернат оқушыларының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында бокстан спорт шебері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Уббаниязов Ерәділ Жиенбайұлының қолдауымен мектебімізде бокс секциясы жұмысын бастады.
????Бокс ақылдыларға арналған спорт түрі. Мамандар жаттығу кезінде әрбір қимылыңның нақтылығына математикалық формула секілді көз жеткізіп отыру арқылы соққының күшін және қарсыласыңның әрекеттерін логикалық түрде болжауды үйрететінін айтады.
????Әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері
бокстан спорт шеберлігіне үміткер Шокбаров Нурлыбек Нурланович мектеп-интернаттың ер балаларын сағат 18:00 - 19:30 аралығында жаттықтырады. Бокс секциясына мектеп-интернаттың 55 тәрбиеленушісі қатысып, дене дайындықтарын шынықтыруда.
#физмат#тәрбие
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@bilim_jane_gylym
@aqtobe_obl_sport
Хабарландыру
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Мемлекеттік сатып алу
-
Жарияланды 24 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 183
«Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық мектеп-интернаты» КММ-нің индексі: 030000, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы 74С
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Бұйрығына сәйкес "мектеп - интернаттың мамандандырылған күзет қызметі" конкурсы ұйымдастырылатыны жарияланады.Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық өлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатыса алады.
Қосымша мәліметтер мен аңықтамаларды www.phizmat.kz интернет ресурсынан және 8(7132) 90-93-31, 90-93-34 телефоны арқылы алуға болады.
КГУ «Актюбинская областная специализированная физико-математическая школа-интернат», индекс: 030000, г.Актобе, пр.Санкибай батыра 74С
Объявляется, что в соответствии с Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 648, организуется конкурс «Услуги специализированной охраны школы - интернат». В конкурсе могут принять участие все поставщики, отвечающие требованиям конкурсной документации.
Для получения дополнительной информации и запросов, пожалуйста, посетите www.phizmat.kz или позвоните
8 (7132) 90-93-31, 90-93-34.
Тәрбие сағаттарын өткізді
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 22 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 206
Қазақтың тұрмыс-салтында бала тәрбиесімен тікелей әйел адам айналысқанымен, ер азаматтың қас-қабағы, мысы, бір ауыз сөзі, бейнесінің өзі көп нәрсені шешеді. Көбіне мектеп қабырғасында әке тәрбиесін ер мұғалімдер теңестіріп, балалардың мінез-құлықтарының қалыптасуына оң ықпал береді. Міне, осы көзқарас ұлттық педагогикамызда ерлердің маңыздылығын арттырып отыр.
Осы орайда оқу жылының басында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ер мұғалімдеріне тәрбие жұмысына етене араласу мақсатында, қоғамдық жұмыс ретінде қосымша кластар бөлініп берілген болатын.
Бүгін мектеп-интернаттың ер мұғалімдері өздеріне бекітілген кластарына тәрбие сағаттарын өткізді. Ағайлардың креативті идеяларының арқасында әртүрлі форматтағы тәрбие сағаттарының куәсі болдық.
Шәкірттерінің "Ағай!" деген үнінен қуат алып, тәуелсіз елдің ертеңгі ұландарын тәрбиелеп жүрген ер мұғалімдеріміз көпке үлгі.
Балалардың қабілетін диагностикалау және оқушыларды кәсіптік бағдарлау
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 22 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 308
????????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 19-21 қаңтарында "Qabilet" қызметі аясында "Балалардың қабілетін диагностикалау және оқушыларды кәсіптік бағдарлау" бағытында 10-11 жастағы оқушылардың "4К" қабілетін диагностикалау бойынша 6 класс оқушыларына онлайн форматында өтті.
????Бұл диагностикаға 6 кластан 11 жастағы оқушылар қатыстырылды.
????"Qabilet" қызметі 10-11 жастағы мектеп оқушыларының жеке құндылықтарының, қабілеттерінің көріну деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Адалдық-асыл қасиет
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 22 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 258
♻️????♻️????♻️????♻️????♻️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 21 қаңтар күні оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату және мейірбан, ақылды, адал, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету мақсатында "Өзін-өзі тану" пәні мұғалімі А.Карасаева мен психолог М.Истигулованың ұйымдастыруымен 6-7 класс оқушыларына "Адалдық-асыл қасиет" тақырыбында ертегі терапиясы өтті.
????Ертегі терапиясында кейіпкерлерге ену арқылы адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі - оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтынын және оның абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет екені дәріптелді.
????Адалдық терапиясы аясында "Оқушы үні" жәшігі таныстырылды.
???? "Оқушы үні"- оқушылар мен ұстаздардың өзара тиімді, адал да шынайы қарым-қатынас орнатуына көмектеседі.