“Мен өмірге құштармын” тренинг сабағы өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 31 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 433
✨✨✨✨✨✨✨Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында 2022 жылдың қаңтар айының 29– шы жұлдызында 7 «А» класс тәрбиешісі Г.Оралбаевамен бірге психолог М.Истигулованың ұйымдастыруымен 7 «А» класында “Мен өмірге құштармын” тренинг сабағы өтілді.
????Мақсаты: білім алушылардың оң психо – эмоционалдық көңіл – күйін қалыптастыру, өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.
Cеминар ұйымдастырды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 30 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 181
Ағымдағы жылдың қаңтар айында "Нұрscience" ғылыми-әдістемелік жоғары мектебі мен Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты бірге семинар ұйымдастырды.
Семинарға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының математика, физика, орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінің педагогтары қатысты.
Семинардың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының педагогтарын және мектеп-интернат директорын @ustudy_nurscience өкілдері келіп алғыс хатпен марапаттады.
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!
????????????????????????????????????
"Экологияны күту өзімізден басталады" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 30 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 216
Бүгін 29 қаңтар күні 8 "Б" класының тәрбиешісі Туреханова Рахила Жумабековнаның "Экологияны күту өзімізден басталады" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Оқушылар топқа бөлініп экологияны сақтау табиғатты қорғау жолдарын өздері ұсынды, постер қорғау арқылы топтық жұмыстар жасады.
#физмат#тәрбие
«Оқуға құштар мектеп» жобасының «Әдеби әлем» марафоны
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 30 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 338
Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні педагогика-психология бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасының «Әдеби әлем» марафоны аясында Дулат Исабековтің «Жеті желкен» атты пьесалар жинағының таныстырылымы болып өтті. «Осы жұрт Исабековті біле ме екен?»-деп тақырып ала отырып, тау тұлғалы қаламгерді жан-жақтан ашуды мақсат тұттық. Журналист жолға шығып, тыңдармандарды сұрағымен баурап, Исабеков әлеміне алып келді. Жазушының өмірі жайлы қызықты деректерден мысалдар келтіре отырып, «Мен оқыған бір кітап...» тақырыбымен «Жеті желкен» пьесалар жинағына енген туындыларға тоқталып, өз пікірлерін білдірді. Кері байланыста «Дулат-қазақ драматургиясын биікке көтеруші» деген ойды оқырмандар көкейіне түйді.
#физмат#тәрбие
#АқтөбеОқуғақұштармектеп
#Ақтөбетынышоқу
#Ақтөбемағыналыоқу
#Оқимызсахналаймыз
Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 27 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 266
26 ақпан 2022 жылы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 10-11 класс оқушылары мен "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" «Аңсар ақпараттық-талдау орталығының» ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог маманы Асанов Нұрлан Әділханұлы және орталықтың психолог маманы Касенов Ақжол Нұрланұлымен «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.