Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 15 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 160
Ақтөбе облыстық білім басқармасының 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау бойынша әзірлеген іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты 12 желтоқсан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбында танымдық конференциясын өткізді.
Конференцияға «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінен арнайы қонақтар шақырылды. Конференцияға қатысқан «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, облыстық маслихат депутаты, желтоқсан оқиғасының куәгері Бақытхан Құрманқызы «Желтоқсан тұр басында азаттық деген ұғымның!» тақырыбында баяндама жасады. Танымдық конференцияға қатысушылар кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалады. Сонымен бірге физика-математикалық лицей-интернатының ұстаздар мен оқушылары дайындаған «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбындағы шараның куәгері болды.
Конференцияға қатысушы оқушылар «Жаңа Қазақстанның тірегі – жалынды жастар» ұранымен шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды, қонақтармен естелік фотоға түсті.
Тәуелсіздік-ұлт рухының бастауы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 15 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 168
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тәуелсіздік-ұлт рухының бастауы» тақырыбында «Ақтөбе Медиа» орталығына барып «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Сәтжан Дәрібай мырзаның қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Сонымен қатар «Ақтөбе Медиа» орталығының мұражайына экскурсия жасап, орталық қызметкерлерінің жұмысымен танысты
Ұялы телефондарын пайдаланудағы сақтық шаралары
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 15 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 167
2022 жылдың 13 желтоқсан күні «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында лицей-интернаттың кəмелет жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты
Ш.Сапарова оқушылардың ұялы телефондарын пайдаланудағы сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Дәріс барысында ұялы телефондарын көпшілік ортада, қоғамдық көлікте, бөгде адамдардың жанында қалай қолдану керектігі және сақтық шаралары туралы айтылды.
Жасөспірімдердің түнгі беймезгіл уақытта өз бетінше үлкендердің еріп жүруінсіз көшеде жүрмеуін, түнгі ойын клубтарында баруға тыйым салынатындығы туралы да ескертіп өтті.
Сонымен қатар дәрісте бопсалау-балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс екенін айтты.
Тәуелсіздік мен үшін...
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 15 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 163
Әдістемелік кеңес
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 14 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 215
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың желтоқсан айының 14 жұлдызында мектепішілік әдістемелік кеңес өтті.
????Мақсаты: мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыра отырып, өзіндік шығармашылықтарын дамыту.
????Әдістемелік кеңес барысында кеңес жетекшісі Р.К. Аяуова әдістемелік кеңестің жоспарымен таныстырып өтті. Кеңес аясында "География пәнінен жүргізілетін топтық жұмыстың тиімділігі" Қ.М.Сисенов-география пәні мұғалімі, "PIZA" зерттеулеріне негізделген тапсырмаларды физика сабақтарында қолдану" Э.С.Марқабай-физика пәні мұғалімі, "Биология пәндері бойынша білім беру мазмұнын іске асырудағы тұжырымдамалық және саралап оқыту" А.А.Карасаева-биология пәні мұғалімі, "Көркем еңбек пәнінде 3Д сабақ өткізу әдісі" Г.А.Елманова-көркем еңбек пәні мұғалімі өз іс-тәжірибелерінен шығармашылық жұмыс көрсетті.
✏️Әдістемелік кеңес соңында психолог М.К.Истигулова "Идеалды үй" психологиялық тренингін өткізді.
✏️Ұйымдастырылған әдістемелік кеңес мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі жұмыс, шығармашылық даму екенін дәріптеді.