АИТВ-жұқпасының алдын алу
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 23 Қаңтар 2023
-
Қаралды: 158
Салауатты өмір салтын ұстану, нашақорлыққа қарсы деструктивті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру үшін Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Муханбетжанова Самал Жоламанқызы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 9-11 сынып оқушыларымен "АИТВ-жұқпасының алдын алу" тақырыбында кездесу өткізілді.
Бұл жиын АИТВ-жұқпасын жұқтырмау жолдары туралы білім деңгейін арттыру мақсатында жүргізілді.
Кездесу барысында оқушылар адамның имунитет жоятын қатерлі дерт пен оның адам ағзасындағы дамуына қатысты көптеген пайдалы ақпарат алды. Салауатты өмір салтын ұстануда негізгі жауапкершілік әр адамның өзіне жүктелетіндігі жөнінде ой түйді.
"Сырғалым" қыз балалар клубының отырысы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 18 Қаңтар 2023
-
Қаралды: 182
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 18 қаңтарында "Бой түзеу, әуелі ой түзеу" тақырыбында интернат тәрбиеленушілерімен "Сырғалым" қыз балалар клубының отырысы өтті.
????Күн тәртібінде "Қыз бала гигиенасы" және "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" мәселелері қаралды.
✅Отырысты "Сырғалым" қыз балалар клубының жетекшісі К.Нугманова ашып, лицей-интернат медбикесі Г. Шаукенбаева, педагог-ұйымдастырушы Г.Имангалиевамен бірлесіп, қыз бала гигиенасы туралы өзара пікірлесу жүргізді.
✅Лицей-интернат психологі М.Истигулова "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" тақырыбында ағарту жұмысын өткізді.
✅Отырыс аясында күн тәртібіндегі мәселелерге орай бейнебаяндар көрсетілімі жасалып, қыз балалардың пікірлері рефлексия арқылы қорытындыланды.
Табысты оқыту және құзырлы мұғалім
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 18 Қаңтар 2023
-
Қаралды: 292
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың қаңтар айының 18 жұлдызында "Табысты оқыту және құзырлы мұғалім" атты мектепішілік әдістемелік конференция жұмысы өтті.
????Конференцияны лицей-интернаттың әдістемелік жетекшісі Р.К.Аяуова ашып, "Тарих сабағында визуалды технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту" Б.Сагингалиева- тарих пәнінің мұғалімі, "Оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер" З.Рахметулла- математика пәнінің мұғалімі, "Сабақты зерттеу-оқытуды жақсартудың кепілі" Б.Сулейманов, "Кәсіби құзыреттілік- ұстаз жемісі" Ж.Нургазина, "Тиімді ойлау дағдылары және когнитивтік икемділік" Г.Маясарова сынды ұстаздар өз іс-тәжірибелерінен үздік жұмыстар көрсетті.
????Конференция соңында психолог М.Истигулова "Әріптесімнен хат" атты психологиялық тренинг өткізді.
????Конференция лицей-интернат мұғалімдерінің кәсіптік, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, ізденістерін дамытуға мол мүмкіндік берді.
«Қош келдің Жаңа Жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты жаңа жылдық мерекеден фото дайджест
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 29 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 234
Жаңа жыл мерекесі
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 29 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 221
Жаңа жыл – барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді отбасылық мерекелердің бірі.
Мереке қарсаңында лицей-интернатымызда жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында өткен жылға есеп беріліп, мерекелік құттықтаулар айтылды.