Жаңалықтар

"2022 жыл - Балалар жылы" деп жариялануына орай және "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының 5 жылдығы аясында Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін насихаттау мақсатында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 9 класс оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияны ұйымдастыруға ықпал еткендері үшін Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығына алғыс білдіреміз!!!

????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының жазғы мектепке қатысып жатқан 6-7 класс оқушылары география пәнінің мұғалімі Т.Алдонгарова мен сынып тәрбиешісі А.Кушикбаеваның жетекшілігімен бүгін Қалалық жас натуралистер стансасына саяхатқа барды.

????Саяхат кезінде оқушылар стансаны мекендеген кішкентай достарымен танысып, оларды өз қолдарымен қоректендіруге мүмкіндік алды. Оқушыларымызға керемет көңіл күй сыйлап, мағыналы демалыс ұйымдастырған жетекшілері мен @unataktobe_naturalis қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!

"Рухани Жаңғыру" бағдарламасының 5 жылдығына орай бүгін жазғы мектепке қатысып жүрген Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 9 класс оқушылары қаламыздағы ескерткіштерге экскурсия жасады. Экскурсия кезінде оқушылар Әлия ескерткіші - Батырлар аллеясы - Қан мен тер ескерткіші - Абай ескерткіші - Даңқ мұнарасы сияқты қаламызға көрік беріп тұрған тарихи ескерткіштердің тарихымен танысып, тамашалауға мүмкіндік алды. Экскурсияны тарих пәнінің мұғалімі С.Нурмагамбетова мен сынып тәрбиешісі З.Бекмагамбетова ұйымдастырды.