БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 20 Қыркүйек 2022
-
Қаралды: 144
СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ!
Ғылым-білімді дамытуға бағытталған басымдықтарды іске асыру мақсатында «Хабар» телеарнасының ұйымдастыруымен өткізілген «DARYN» атты зияткерлік шоуына Ақтөбе облысы бойынша іріктеуден өткен Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Шеркешбаев Қуантхан финалдық бәсекеде БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді.
Әр өңірден келген 11- сынып оқушылары ғана қатысатын тележобада Қуантхан өз білімділігімен, жүйріктігімен көзге түсіп, Сүлейман Демирель атындағы университеттің грант иегері атанды.
Қуантханды жеңісімен құттықтап, алдағы жолына сәттілік тілейміз!