- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Сыбайлас жемқорлықпен күрес
-
Қаралды: 392
.jpeg)
⚜Адал ұрпақ тәрбиелеу-қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін, мектеп қабырғасынан бастап, халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген ұрпақ тәрбиелеу басты борышымыз.
⚜ Осы мақсатта ағымдағы жылдың 26 қараша күні мектепішілік әкелер кеңесінің мүшесі Данағұл Айбол Данағұлұлының бастамасымен "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Серікжанов Қуанышбек Серікжанұлымен кездесу ұйымдыстырылды. Кездесуге
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының "Адал ұрпақ" еріктілер клубының белсенділері қатысты.
⚜Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың жалпы мемлекетке қауіп төндіретіні, адамдардың әл-ауқатының жақсаруына кедергі келтіретіні, экономиканың құлдырауына әкеп соғатыны, ұйымдасқан қылмысқа жол берілетіні туралы түсінік берілді.
⚜Оқушылар тарапынан сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кездесу аясында "Парасатты адам" моделі құрастырылды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Сыбайлас жемқорлықпен күрес
-
Қаралды: 447
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында 2021-2022 оқу жылына бос жұмыс орындарына педаготарды қабылдау үшін www.enbek.kz порталында бос жұмыс орны жарияланды.Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығынан жолдама алған қызметкерлермен әңгімелесу ұйымдастырылып,конкурстық негізде жұмысқа қабылдау жүзеге асырылды.

- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Сыбайлас жемқорлықпен күрес
-
Қаралды: 547
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында басқармасы басшысының орынбасары Н.Бертлеуованың 2020 жылдың 14 қазан күнгі №5-4501 хатын орындау мақсатында мектеп директоры К.Е. Тлеумагамбетова және оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Ж. Кулымов мектеп-интернатының қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел, ZOOM платформасы арқылы жиналыс өткізілді.

- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Сыбайлас жемқорлықпен күрес
-
Қаралды: 520
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген ашық алаң
Салауатты әлеуметтік орта қалыптастыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз білім беру мен жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Олай болса, заманымыздың ертеңін жасайтын жас ұрпақты білімді, саналы етіп тәрбиелеумен қатар, қазіргі қоғам дерті – сыбайлас жемқорлықтан таза тұлғаларды қалыптастыру бүгінгі ұстаздардың басты назарындағы міндеттердің бірі.
Толығырақ: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген ашық алаң- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Сыбайлас жемқорлықпен күрес
-
Қаралды: 1967
«Адалдық асыл қасиет» тақырыбында тәрбие сағатының өткізілгендігі туралы хабарлама
Өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Адалдық асыл қасиет» тақырыбында 7 а сыныбыныңы тәрбиешісі А.Жұмағалиеваның жетекшілігімен тәрбие сағатты өтті. «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» негізімен өтіп жатқан адалдық сағатында А.Құнанбаев, Ш.Құдайбергеновтың, Әл-Фарабидің, Қ.Ясауидің, І.Есенберлиннің, Б.Момышұлының, М.Жұмабаевтың парасаттылық, әділдік туралы ойлы пікірлері насихатталды.
Толығырақ: «Адалдық асыл қасиет» тәрбие сағатыІшкі категориялар
2 бет. Барлығы: 3












