Психологиялық қызмет жаңалықтары
Ұстаздар арасындағы тимбилдинг
- Толығырақ
 - Автор: Физмат
 - 
					Жарияланды 15 Желтоқсан 2021
 - 
						Қаралды: 494
 
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында Педагогтердің кәсіби мерекесі қарсаңында жəне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұстаздар арасында «Тимбилдинг» өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ұстаздар арасындағы достық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты, өзара татулық пен бірлікті нығайту, рухани-мәдени құндылықтарын арттыру.
Ұстаздар арасындағы тимбилдингті педагог-ұйымдастырушы Гулнар Жонысовна, психолог Мейрамгул Кантарбаевна, дене тəрбиесі пəні мұғалімі Болат Шаукатович ұйымдастырды. Тимбилдингте ұстаздар арасынан құрылған командалар әр тур бойынша бақ сынап, әділқазылар тарапынан бағаланады. Үздік командалар мектеп – интернат кәсіподағы атынан қаржылай марапатқа ие болды. 
Тимбилдинг ұстаздарға жоғары деңгейде көңіл – күй сыйлады.






