АИТВ, ЖИТС-ның таралуы және одан сақтану жолдары
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 07 Желтоқсан 2023
-
Қаралды: 176
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай 9 “А” , 9 “ Б” сынып оқушыларына Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары
дәрігер эпидемиолог А.Д.Тұрғынбаева , педагог М.К.Матаева “АИТВ, ЖИТС-ның таралуы және одан сақтану жолдары “ тақырыбында ақпараттық сабақ өткізді. Мақсаты: білім алушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, тән және жан тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Оқушылармен кездесті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 07 Желтоқсан 2023
-
Қаралды: 148
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының оқушыларымен Түркия мемлекетіндегі Карадениз техникалық университетінің профессоры Васиф Набиев кездесті.
Кездесуді ұйымдастыруға ықпал жасаған 11 “Б” сынып ата-анасы Толеуов Тимур Жаксылыковичке лицей әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!
«Күлкі витамині»
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 07 Желтоқсан 2023
-
Қаралды: 138
Назарларыңызға Лицей Парламенті "Қамқорлық" фракциясы ұйымдастырған «Күлкі витамині» атты шарасынан үзінді ұсынамыз.???? Шараны өткізудегі негізгі мақсат: оқушылар мен мұғалімдерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
"DISCO PARTY" би кешін ұйымдастырды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 01 Желтоқсан 2023
-
Қаралды: 142
30 қараша күні лицей-интернат парламенті "The best couple of FM" сайысында анықталған 2023 жылдың ханзадасы мен ханшайымына арналған "DISCO PARTY" би кешін ұйымдастырды. Кешті "Мәдениет" фракциясының көшбасшылары Закенаев Амиржан, Нургалиева Дина, Саламатова Мерей жүргізді. Кеш барысында көңілді ойындар ойнатылып, ойын жеңімпаздарына тәттілер таратылды. Лицей Президенті Қойшыбаев Әбдірахман кеш қатысушыларына құттықтау сөзін арнап, қуыршақ бейнесін үздік сомдаған қыздарды марапаттады.
"Құпия дос" акциясы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 30 Қараша 2023
-
Қаралды: 159
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика - математикалық лицей - интернатында 2023 жылы 27-29 қараша аралығында "Бақыт" фракциясының көшбасшылары Қайырғали Гүлсезім, Ерболат Айдана, Құламанова Ақниет және психолог Мейрамгул Истигулованың ұйымдастыруымен, лицей -интернат Парламентінің мүшелерінің қолдауымен "Құпия дос" акциясы өтті. ????Акция мақсаты: адал да шынайы достықты дәріптеу, жанына жақын достарына əдемі де, жарқын көңіл - күй сыйлау. ❇️"Құпия дос" акциясының құпия сыйлықтары ізгі құрметпен 30 күні кеште иелеріне табысталды, акцияға лицей-интернат оқушылары өте белсенді қатысып, өз достарына ерекше көңіл-күй сыйлады.