Көрісу күні аталып өтілді
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 15 Наурыз 2022
-
Қаралды: 369
⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜
Бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын, бүгінде еліміздің батыс өңірінде сақталып қалған дәстүр. Шартты түрде наурыздың 14-і «Көрісу күні» деп аталады. Ал халық арасында Наурыз мейрамын қарсы алу осы күннен басталады.
Осы күн Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында да жоғары деңгейде аталып өтілді. Ұстаздар мен оқушылар ұлттық нақыштағы әшекейлер тағып, киімдер киіп, бір-біріне ақ тілектерін білдірді. Наурыз көже дайындалып, оқушылар ұлттық тағамнан дәм татты. Ұлыстың Ұлы күніне оқушылар құттықтауларын жолдады.
#физмат#тәрбие
ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 15 Наурыз 2022
-
Қаралды: 332
.jpeg)
Марапаттау шарасын "Спорт және салауатты өмір салты" фракциясының белсендісі Жеткергенов Шапағат @zhetkergen0v_o5 өткізді.
8-9 кластар арасында:
І орын – 9 «Б»????
ІІ орын – 8 «Б»????
ІІІ орын – 9 «А»????
10-11 кластар арасында:
І орын – 10 «А»????
ІІ орын – 11????
ІІІ орын – 10 «Б»????
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
#физмат#тәрбие
Бүгінгі жасөспірім - ертеңгі болашақ
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 14 Наурыз 2022
-
Қаралды: 385
????????????????????????????????????????????????????????
Құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың зиянды заттардан аулақ болуы мақсатында 7-10 кластар арасында "Бүгінгі жасөспірім - ертеңгі болашақ" тақырыбындағы өткен әлеуметтік бейнероликтер байқауында
????????????жеңімпаз атанған 8 "Б" класының оқушылары дайындаған бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.
#физмат#тәрбие
Мектепішілік волейбол жарысы өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 14 Наурыз 2022
-
Қаралды: 770
????????????????????????????????????????????
Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектепішілік волейбол жарысы өтті. Жарысқа 8-11 кластардан 7 команда, 56 оқушы қатысып, ойын өрнегін көрсетті.
#физмат#тәрбие
Оқушылармен кездесу өткізді
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 14 Наурыз 2022
-
Қаралды: 344
Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні жастар арасында радикалды идеологияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, деструктивті идеологияның таралмауына жол бермеу мақсатында "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ-нің "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы" КММ теолог маманы Искаков Медет Нұрлыбекұлы мен осы мекеменің психологі Тулепбергенов Тимур Тайбекович 9 класс оқушылармен кездесу өткізді.






