"QABILET балалардың қабілеттілігін диагностикалау және дамыту" жобасы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 22 Қазан 2022
-
Қаралды: 471
2022 жылдың қазан айының 19-20 жұлдызында "Ақтөбе-Дарын" орталығында "QABILET балалардың қабілеттілігін диагностикалау және дамыту" жобасы аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 6 класс оқушылары арасынан 10-11 жастағы балалар онлайн форматта диагностикадан өтіп, бойындағы қабілеттерін шыңдауға орталықтың психолог мамандарынан кеңес алды.
Ұлықтау салтанаты жиыны өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 20 Қазан 2022
-
Қаралды: 301
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 25-қазан Республика күніне орай Өзін-өзі басқару үкіметі “Мектеп Парламенті” Президентін Ұлықтау салтанатты жиыны өтті.
Салтанатты жиында лицей-интернат директоры Қаракөз Енсегеновна өзін-өзі басқару үкіметінің мүшелерін тағайындап, олардың жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар 2021-2022 оқу жылында Мектеп Парламентінің құрамында болған белсенді оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.
Ұлықтау шарасы кезінде экс-президенттер Сансызбаев Мержан мен Акимгереева Шадияра мектептің туын жаңа президент Әбдрашит Ерсұлтан мен премьер-министр Меңдібаева Жібекке салтанатты түрде табыстады.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн! - деп Мағжан ақын жырлағандай бізде белсенді оқушыларымыздың лицей-интернаттың дамуына үлестерін қосарларына зор сенім артамыз!
“Имандылық - асыл қасиет” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 18 Қазан 2022
-
Қаралды: 924
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 7 класс оқушыларымен 18 қазан күні “Имандылық - асыл қасиет” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог маманы Ұзақбай Әділжан Берікбайұлы мен психолог маманы Тулепбергенов Тимур Тайбекович қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жалпы рухани-адамгершілік тәрбие төңірегінде әңгіме қозғалды. Кездесу оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.
Сынып жетекшісі Биржанова Асылай Абаевна.
Экскурсия жасады
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 18 Қазан 2022
-
Қаралды: 302
Футзал жарысы өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 15 Қазан 2022
-
Қаралды: 292
Лицей оқушыларының денсаулығын нығайту және өскелең ұрпақты отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру және салауатты өмір салтын қалыптастыру, лицейішілік спортты кеңінен насихаттау мақсатында 15 қазан күні лицей-интернатта Республика күніне арналған "Тәуелсіз елдің ұландары" атты 9-11 класс оқушылары арасында футзал жарысы өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша
???? 11 "А" класс командасы
???? 9 "А" класс командасы
???? 11 "Б" класс командасы
Жеңімпаздар 21 қазан күні өтетін "Гүлдене бер, менің Қазақстаным" атты мерекелік концертте марапатталады.
